×

Биыл Қазақстанда 3 мыңнан астам адам қаржы пирамидасына алданған

Қазір 65 қылмыстық іс қаралып жатыр

 Халық үні 13.04.2022 | 13:30
фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов биыл 3 мыңнан астам адамның қаржы пирамидасына алданғанын, қазір 65 қылмыстық іс қаралып жатқанын айтты.

Оның сөзінше, былтыр 31 мың тұрғын жалпы сомасы 54 млрд теңгеге зардап шеккен.

Әділов қаржы пирамидасын негізгі белгілерін атады:

  • Адам әкелгені үшін қосымша сыйақы не бонус төлеу;
  • Нарықтағы бағадан бірнеше есе жоғары табысқа кепілдік беру;
  • Компанияның лицензиясы, қымбат активтері мен жеке мүлкінің болмауы;
  • Кіру үшін ақша төлеу не қандай да бір курс, тауарды сатып алуға итермелеу;
  • Агрессивті жарнама;
  • Ұйым қызметі туралы нақты анықтаманың жоқтығы;
  • Тек жеке кездесу кезінде кеңес беру;
  • Келісімге ойланбай қол қоюды ұсыну.

Жақында қаржы пирамидасынан жапа шеккен әйел елордада өз-өзін өртеп жіберген болатын. Қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнерлерге қатысты тергеу аяқталуға жақын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23