Жалпы сома 3,4 трлн теңге болды
2021 жылғы ақпаннан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу бойынша 1,7 млн өтініш түскен. Ал жалпы сомасы 3,4 трлн теңге болды, деп мәлімдеді үкімет отырысында ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов.
Оның ішінде:
Бұған қоса БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері наурызда 13 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бері инвестициялық кіріс шамамен 304,9 млрд теңгеге жетті. Зейнетақы жарналары - 383,7 млрд теңге, ал зейнетақы төлемдері - 64,5 млрд теңге болды.
Биылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы жинағын пайдалану бойынша жеткілікті шек өзгерді. Мәселен, егер 2021 жылы 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, биылғы сәуірден бастап ол 5 060 000 теңгеге дейін өсті.
Зейнетақы жинағынан 5 теңгесіне дейін шешіп алғандар бар – Отбасы банкі. Министр зейнетақы қорының ақшасы тұрғын үй бағасының өсуіне әсер еткенін айтты.