×

Таразда алаяқ жарты миллион теңгенің шоколадын ұрлаған

Ол мың дана «Қазақстан» шоколадын үптепті

 Халық үні 08.04.2022 | 10:00
фото: ашық дереккөзден

4 сәуірде Тараз қалалық полиция басқармасына 59 жастағы қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз азаматтың оның сеніміне кіріп, мың дана «Қазақстан» шоколадына тапсырыс беріп, оны алған соң төленетін «соманы салып жіберемін» деп белгісіз бағытқа кеткенін айтты. Ал тиісті қаражатты төлемеген болып шықты. Келген шығын көлемі 450 мың теңгені құрады.

Тәртіп сақшылары аталған іс бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Жамбыл ауданы Аса ауылының 34 жастағы тұрғыны анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Айғақ заттар қайтарылды, – дейді полиция.

Тараз полицейлері аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен (алаяқтық) тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама