×

Түркістан облысында 50-ден астам лауазымды тұлға түрлі жауапқа тартылды

Мемлекет бюджетіне 15 млн теңгеден астам қаражат өндірілді

 Халық үні 05.04.2023 | 10:22
фото: Halyq Uni

Түркістан облыстық прокуратурасы мемлекеттік сатып алу заңнамасының сақталуына қатысты жүргізілген талдау нәтижесін қарады.

Талдау нәтижесінде жекелеген тапсырыс берушілердің қызметінде заң бұзуға жол берілгенін және уәкілетті орган жұмысының пассивтілігі анықталған.

Мәселен, Ордабасы, Төлеби және Түлкібас аудандарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері 2 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу шарттарын бәсекелестік емес тәсілмен заңсыз түзген (бір көзден заңсыз өткізген).

Прокурорлардың актілері бойынша 100-ден астам заң бұзушылық жойылып, 7 млрд теңгеден астам заңсыз мемлекеттік сатып алудың күші жойылды (сатып алу тәсілдерін дұрыс қолданбаған, қатысушыларға артық талаптар қойған).

Ал прокурорлардың шешімімен 50-ден астам лауазымды тұлға түрлі жауапқа тартылып, мемлекет бюджетіне 15 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама