×

ШҚО-да мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық залал келтірген қылмыстық топ мүшелері қамалды

Олар сыйақы үшін жалған құжаттар әзірлеген

 Халық үні 12.11.2021 | 15:49

Қаржылық мониторинг агенттігі жыл басынан бастап жалған шот-фактураларды жазып беру және ақша қаражатын криминалдық жолмен қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша қызмет көрсететін 105 әлеуетті топты анықтады.

Бүгінгі таңда топ мүшелеріне қатысты 490 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды, оның ішінде 28 іс ұйымдасқан қылмыстық топ құру дерегі бойынша қозғалды.

Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті Я.Москвина, К.Даирбаев және Ф.Романов сияқты тұлғалардан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті. Олар жалған фирмалардың атынан сыйақы үшін жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқан.

Қылмыстық топтың мемлекетке келтірілген материалдық залалының жалпы сомасы 900 млн теңгеден асады. Қылмыстық топ мүшелері 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама