×

Ақмолалық жеткізуші сүт өнімдерін 45%-дан аса үстемемен өткізген

Мысалы, ол 1 литрі 310 теңге тұратын айранды 450 теңге деп көрсеткен

 Еркеғали Болатұлы 02.03.2023 | 13:27
фото: ашық дереккөз

Ақмола облысында жеткізуші сауда желілеріне сүт өнімдерінің бағасын 45% үстемемен өткізген.

Жеткізуші – жеке кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу кезінде тауар үстемесін асырып жіберген. Майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы айранның 1 литрі – 310 теңге, ал жеткізуші 450 теңге деп көрсеткен. Сауда үстемесі – 45,2%, - делінген қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.

Сондай-ақ жеке кәсіпкер майлылығы 5 пайыздық сүзбені сауда желілеріне 1 560 теңгеден өткізген. Ал өзі өндірушіден 1 300 теңгеден сатып алған. Сауда үстемесі – 20%.

Ақмола облысы бойынша делдалдық схемаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның қарауына үстемеақыдан асып кету фактісі бойынша материалдар жіберілді. Сонымен қатар, жеткізуші өнімге сауда үстемесін 15%-ға дейін төмендететінін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама