×

Әкімдік қайырымдылыққа қоқыстан түскен қаржыны аударғалы жатыр

Әр адам сұрыпталған қоқысты ақшаға тапсыра алады

 Еркеғали Болатұлы 28.02.2023 | 16:25
фото: Ирина Семибратова

Өскемен әкімдігінің қызметкерлері қоқыстан түскен қаражатты қайырымдылыққа беретін болды, деп хабарлады Altaynews.kz.

Әкімдіктің әр бөлімінде қоқысты бөлек-бөлек жинайтын арнайы контейнерлер қоямыз. Жиналған және сұрыпталған қалдықтарды қабылдау пункттеріне өткіземіз. Ал алынған қаражат қайырымдылыққа, мысалы, балалар үйлерін қолдауға жұмсалады, - деп түсіндірді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, онда жақында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын арнайы пункттер ашылған. Әр адам сұрыпталған қоқысты ақшаға тапсыра алады. Бірінші пункт Виноградов көшесіндегі 25 үйдің шетіне қарама-қарсы, екіншісі Абай даңғылындағы қалалық автовокзалдың артында, такси жүргізушілері тұрағының жанында орналасқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама