×

Байқоңыр қаласындағы аурухананың бас дәрігері бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді

Прокуратура мекемеге тиесілі 2,5 млн теңгеден аса қаражат ұрланғанын анықтаған

 Халық үні 02.12.2021 | 15:59
көрнекі фото: baikonuradm.ru

Байқоңыр қаласындағы көпсалалы аурухананың бас дәрігері бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. «Байқоңыр» кешені прокуратурасының мәліметінше, Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 3-бабы 160-бөлігінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша «Байқоңыр қаласының көпсалалы ауруханасы» МКК бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғауды заңды деп тапқан.

«Байқоңыр» кешені прокуратурасы 2020 жылдың желтоқсанында Байқоңыр қаласы көпсалалы ауруханасының бас дәрігері өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып, өзіне сыйлықақы төлемдерін заңсыз жазу арқылы осы медициналық мекемеге тиесілі 2 миллион 500 мың теңгеден аса (460 мың рубльден аса) ақшаны жымқырғанын анықтаған.

Қазір қылмыстық іс бойынша Байқоңыр қаласындағы көпбейінді ауруханаға келтірілген материалдық залалды өтеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама