×

Елордада электр қуаты туралы түбіртектерден шикілік шығып жатыр

Әдеттегі шот 2-3 есе өскен

 Еркеғали Болатұлы 02.02.2023 | 11:15
фото: pixabay.com

Астанада соңғы кезде электр қуаты туралы түбіртектегі көрсеткішке қатысты тұрғындардың шағымы көбейді. Күтпеген жерден негізсіз үлкен соманы көріп, көпшілік аң-таң. Кейбіреулер үшін әдеттегі шот тіпті 2-3 есе өскен.

Даудың басы – екі кәсіпорын деректерінің екі түрлі болуы. Яғни «Астанаэнергосбыт» ЖШС тұтынушылардың есептеу құралындағы көрсеткішті шартты түрде есепке алып келген. Таяуда бұл жұмыс әкімдікке қарасты «Астана-АЭК»-ке ауысып, есептеу құралындағы көрсеткіштер нақты жағдай бойынша есептелді.

«Астана-АЭК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ғабидолла Қожабаевтың айтуынша, бұл айырмашылықтар талданып, кейін артық төленіп кеткен сома алдағы айдың төлемдеріне аударылады. 1-2 айда жағдай толықтай тұрақталуға тиіс.

Ал қала тұрғындары электр қуаты дұрыс есептелмесе, Астана аймақтық электр желілік компаниясына өз дербес шотын көрсетіп, өтініш жазуы керек. Қазіргі тарифті «Астанаэнергосбыт» жекеменшік ұйымынан анықтап алған жөн дейді мамандар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама