×

Такси жүргізушілері жылына 10,3 млн теңге табысқа дейін арнайы салық режимін қолдана алады - МКК

Қаржы министрлігі мобильді төлемге салық салу бойынша түсінік берді

 Ербол Тұрымбет 30.11.2021 | 12:57
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде такси жүргізушілерін мобильді аударымнан бас тартып, қолма-қол ақша алуға шақыратын видео тарады. Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитеті осы мәселеге қатысты түсініктеме берді.

​МКК ақпаратына сәйкес, салық заңнамасына енгізілген өзгерістер жеке тұлғалардың жеке аударымдарын кәсіпкерлік төлемдерден бөлуді көздейді. Талқылауға бизнес қауымдастық та, банктер де қатысқан.

Бұл бастамалардың мақсаты - цифрлық кеңістікте бизнесті дамытуды көздейді, қолма-қол ақшаға көшуді мүлдем көздемейтінін ескеріңіз. Мұнымен қоса, барлық мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарына беріледі екен деген ақпарат та негізсіз. Алаңдауға ешқандай негіз жоқ. 2022 жылдан бастап банктерден тек кәсіпкерлік шоттарына түскен төлемдер туралы ақпарат алу жоспарлануда. Сондықтан, жеке аударымдарға салық салынбайды, - делінген комитеттің хабарламасында.

Осы орайда комитет жеке кәсіпкер ретінде тіркелген адам салық салу бойынша өзіне ыңғайлы режим таңдай алатынын еске салды. Мысалы, такси жүргізушілері патент негізінде арнайы салық режимін қолдана алады. Ондай режим табысы жылына 10 миллион 300 мың теңгеден аспайтын жағдайда ғана қолданылады.

Қазір бірнеше мобильді қосымшалар бар. Кәсіпкер онлайн кассаның мобильді нұсқасын жүктеп алып, заңды түрде пайдалана алады. Ал салық есептілігі e-Salyq Business қосымшасын енгізу арқылы автоматты түрде жасалады. Бұл шаралардың барлығы бизнесті жүргізуді одан әрі жеңілдетуге бағытталған, - деп түсіндірді.

Еске салайық, 25 қарашада Сенат депутаттары «мобильді төлемдер» түсінігін енгізетін заң қабылдады. Бұл құжат кәсіпкерлерді мобильді аударымдар үшін салық төлеуге міндеттейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама