×

28 жастағы есепші балалар ауруханасының 116 млн теңгесін құмар ойынына шашқан

Ол кінәсін толық мойындады

 Еркеғали Болатұлы 15.01.2023 | 10:38
фото: ашық дереккөз

Талдықорғанда облыстық балалар ауруханасының есепшісі мемлекеттің 116 млн теңгесін құмар ойынға салып жіберді деген күдікке ілінді.

Жетісу облысы экономикалық тергеу департаменті есепшінің бюджет қаражатын құмар ойынға 1,5 жыл бойы жұмсап келгенін мәлімдеді. Ол ақшаны өзінің банктік картасына аударып, кейін букмекерлік жеке кабинетіндегі шотына салып отырған.

Қазір 28 жастағы ер адам қамауда отыр. Ол кінәсін толық мойындады.

Балалар ауруханасы айлық жалақы жөніндегі есепшісінің 2021 жылдың наурызынан 2022 жылдың тамызына дейін аурухана қызметкерлерінің жалақысына, зейнетақы жарналарына және дәрі-дәрмекке қарастырылған қаражатты жүйелі түрде банктегі есепшоты арқылы аударып алып отырғаны анықталды.

Жалпы, бір жылдан аса уақыт көлемінде аударған сомасы – 116 млн теңге. Іс бойынша оның жасаған әрекеті ауыр қылмысқа жатады. 7-12 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - деді Жетісу облысы экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Аслан Бидасов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама