×

Қостанай автобустарында 5 жыл бойы өзгермеген жолақы құны көтерілетін болды

Қолма-қол төлем 170 теңге болады

 Еркеғали Болатұлы 22.12.2022 | 15:20
фото: Самат Каримов

Қостанайда 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғамдық көлікте жүру ақысы көтеріледі.

Бұған дейін қала ішіндегі автобустарда электронды төлем 80 теңге болса, енді 100 теңгеге жеткелі тұр. Ал қолма-қол төлем 170 теңге болады.

Балалар белгіленген соманың жартысын, зейнеткерлер 90 пайызын төлейді. Ал қала маңына қатынайтын автобустардың бағасы шақырымына 5 теңгеге өседі. Яғни, елді мекен қаладан қаншалықты қашық жатса, жолақы құны да соншалықты жоғары болмақ.

Айта кетсек, бұл өңірде қоғамдық көлікте жүру ақысы 2017 жылдан бері өзгермеген екен. Ал одан бері жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектің, жалпы көліктің құны да бірнеше есе қымбаттағаны мәлім.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама