×

Қазақстанда көпбалалы аналарға жаңа мәртебе беріледі – Тамара Дүйсенова

Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі

 Дәурен Ерболат 05.12.2022 | 11:52
фото © Нұрдәулет Әбікеев

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Әлеуметтік кодекс жобасына енгізілетін жаңа өзгерістер аясында көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік қолдау артатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, Кодекс отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдауға мүмкіндік береді.

«Цифрлық картаны жоба ретінде іске асыру барысында көпбалалы отбасылардың әлеуметтік қатерлерге тап болу ықтималы жоғары екенін көрдік. Осыған байланысы Әлеуметтік кодекс жобасында көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қолданастағы біртұтас жүйесін толық сақтау және оның негізгі параметрлерін өзгерту қарастырылды», – деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Бүгінде көпбалалы отбасыларды қолдау жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіледі: жүктілік және босану, бала туу, бала күтіміне байланысты төлемдер, көпбалалы аналар және мүгедектігі бар балалы отбасыларға қарасты төлемдер, табысы аз отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектер.

Министрдің айтуынша, 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі бүгінгі күнкөріс деңгейінен емес, медиандық табыс есебінен анықталады.

«Президенттің тапсырмасы бойынша 18 жасқа дейінгі  балаларға берілетін Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен түскен табыстың 50% көлеміндегі бастапқы капитал қосымша көмек көзі болмақ. Бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімі ұзартылады. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі және олар «Алтын алқа», «Күміс алқамен» наградтталған аналар деген жаңа статуспен қарастырылады. Тағы бір маңызды параметр – 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі бүгінгі күнкөріс деңгейінен емес, медиандық табыс есебінен анықталады. Бұл ретте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі зерделенді», – деді Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, 8-ден аса ел осы көрсеткішті пайдаланады әрі оны отбасы әл-ауқатының нақты дәрежесін көрсететін өлшем ретінде белгілеген.

Мысалы, бүгінде АҚШ-тағы кедейлік шегі – медиандық кірістің 40%-ы, ал Канадада – 50%, Швеция, Норвегия, Дания, Австрия, Германия және Францияда 60%. Біз де осы тәжірибені енгізгелі отырмыз, – деді ведосмство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама