×

Петропавл тұрғыны телефонына белгісіз қосымша жүктеп, миллиондарынан айырылды

Соңғы кезде алаяқтардың түрлі айла-амалы қаптап кетті

 Халық үні 06.03.2022 | 12:00
фото: ашық дереккөзден

Петропавл тұрғыны телефонына белгісіз қосымша жүктеп, 5 млн теңгесінен айырылды.

Аққайың ауданындағы туысына қонаққа келген 28 жастағы Петропавл тұрғыны өз телефонына белгісіз қосымша орнатып, желілік алаяқтар құрбанына айналды. Бұл қулыққа «банктен түскен қоңырау» схемасы арқау болған. Қылмыскер жәбірленушіге қоңырау шалып, біреудің оның атына несие ресімдеп жатқанын айтқан және телефонына AnyDesk бағдарламасын жүктеуге кеңес берген. Алаяқ нұсқауы бойынша барлық айтқанын орындаған әйел банктен қашықтан 5 млн теңгеге несие ресімдеген. Алаяқ бөтен тұлғаның мазаламауы үшін несиелік лимитті таңдау қажет екенін, келген sms кодтарды өзіне жолдау маңызды еместігін айтқан. Алайда көп ұзамай несие сомасы әйелдің шотынан жоқ болған. Алаяқ құрығына түскенін түсінген ол, полицияға жүгінген.

Әдеттегі желілік аферистердің басты мақсаты – жәбірленушінің шоттарына қол жеткізетін кодтар мен құпия сөздерді біліп алу. Егер жәбірленуші телефонына қашықтан қол жеткізетін қосымша жүктелген болса, алаяққа арам ойын іске асыруға еш қиындық тудырмайды. AnyDesk — кең тараған бағдарламалардың бірі. Ол басқа қолданушыға телефоныңызды басқаруға толық мүмкіндік береді. Келетін sms-хабарламалар қылмыскерлерге бірден белгілі болады, – дейді Аққайың ауданы полиция бөлімінің бастығы Руслан Сапаров.

Полицейлер адамдарды «банктен түскен қоңырауларға» сенбеуге және белгісіз қосымшаларды жүктемеуге кеңес береді. Оның соңы материалдық шығынға әкеп соғады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама