×

Қазақстанда 25 қаржы пирамидасы жойылды: жәбірленушілерге 8,3 млрд теңгеге қайтарылды

Қазнетте 8,8 мыңға жуық сайт пен аккаунтт бұғатталды

 Халық үні 15.11.2022 | 13:24
фото: Halyq Uni

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Агенттік басшысы ведомствоның 10 айдағы атқарған қызметі туралы есеп берді.

Элимановтың есебінше, қылмыстық істерді жаппай қозғау тәжірибесі жойылған және қылмыстық қудалау орбитасына адал бизнесті тарту барынша азайған.

Нәтижесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер санын қысқартудың жыл сайынғы үрдісі байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда істерді тіркеу 30% төмендеді. Бұл ретте ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлесі 52% құрап, тұрақты болып қала береді. Қабылданған шаралар нәтижесінде 300 млрд теңгеден астам сомаға залал өтелді және активтерді қайтару қамтамасыз етілді. 25 ұйымдасқан қылмыстық топ бейтараптандырылды, – деді агенттік басшысы.

Кеден саласындағы көлеңкелі операциялардың және акцизделетін өнім айналымының үлесі де айтарлықтай қысқарыпты. Бұған салық түсімінің 540 млрд теңгеге артуы дәлел. 119 қолма-қол ақшаға айналдырған компания тобының қызметі тоқтатылды.

Одан бөлек, 25 қаржы пирамидасы жойылды, жәбірленушілерге 8,3 млрд теңгеге залал өтелді. Алдын алу шараларымен құқыққа қайшы контенті бар 8,8 мыңға жуық сайт пен аккаунтт бұғатталды.

Сондай-ақ, есірткінің бөлшек саудасы бойынша 15 интернет-дүкеннің қызметі анықталды. Олардың айналымы 4,4 млрд теңгені құрады, тартылған тұлғалар саны 27 мың азаматтан асты. Олар бойынша материалдар ІІМ мен ҰҚК-ге жолданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама