×

Шымкентте мемлекетке 3 млрд теңге шығын келтірген екі қылмыстық топ анықталды

Қылмыстық топтың бірі 8 адамнан тұрады

 Халық үні 25.11.2021 | 11:55
фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласында жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысатын екі қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

8 адамнан тұратын қылмыстық топтың бірі 2018-2020 жылдар аралығында контрагент кәсіпорындарға материалдық сыйақы үшін жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берумен айналысқан.

Қылмыстық схеманың негізгі ұйымдастырушысының үйінде құжаттары мен мөрлері табылған 16 шаруашылық жүргізуші субъектіге осы ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысы бары анықталды.

Екінші қылмыстық топ 21 компанияның атынан тауарлар мен қызметтерді жеткізуге ұқсас жалған мәмілелер жасасқан. Бұл ретте, шарттар бойынша жұмыс көлемі іс жүзінде орындалмаған.

Нәтижесінде мемлекетке 3,1 млрд теңге салық төленбеген. Қазір қылмыстық істер соттың қарауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама