Halyq Uni логотип
×

Вице-министр: Былтыр жеңіл автокөлік алғандардың 65% утилалым төлемеген

Қазақстанда утилизация алымы 50 пайызға төмендейді

 Айнұр Шошаева 24.02.2022 | 10:30
Вице-министр: Былтыр жеңіл автокөлік алғандардың 65% утилалым төлемеген
фото: ашық дереккөзден

Елімізде утилизация алымы тек импорттық көліктерден алынып отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Мүмкін біздің де жұмыста жіберген қателігіміз болар. Утилизация алымы туралы қоғамда қалыптасқан пікірді дұрыстап түсіндіре алмаған шығармыз. Соны пайдаланып, қоғам белсенділері қоғамда шындыққа жатпайтын пікір қалыптастырып отыр, – деді Қарабаев ОКҚ брифингінде. 

Оның айтуынша, Қазақстанда шығарылған автокөліктерге утилизация алымы төленбеген. 

«Отандық көлік бағасында ешқашан утилизация алымы болмаған. Мысалы, жеңіл автокөлік болса, халықтың сұрап отырғаны, ең жоғары сұранысқа ие ол қай модельдер: Киа, Хюндай. Бізде Киа, Хюндай, Джак, Шевроле сияқты көліктер толығымен өндіріледі. Халық бұл автокөліктерге ешқашан утилалым төлемеген. Статистикаға жүгінсек, былтыр нарықта сатылған көліктердің 65%-ы – отандық автокөліктер. Бұл 65% жаңа көлік сатып алған халық утилалым төлемеді. Қалған 35% – импорттық автокөлік сатып алғандар. Басым бөлігі – премиум санаттағы көліктер. Бірақ одан түскен қаражат ертең елдің игілігі үшін халыққа жеңілдетілген автокөлік несиесі үшін жаратылып отыр», – деп қосты ол.

Бұған дейін елімізде утилизация алымы 50 пайызға төмендейтіні белгілі болды. Жеңіл әрі жүк көлігі, автобус, трактор, комбайндарға қатысты мөлшер қалай өзгеретіні де хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама