×

Қазақстанда утилизация алымы 50 пайызға төмендейді

Автосалондардағы автомобиль жетіспеушілігінің де себебі белгілі болды

 Айнұр Шошаева 23.02.2022 | 13:30
коллаж: Halyq Uni

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр елімізде автомобильдерді кәдеге жарату үшін жаңа төлемақы мөлшерлемелерін жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісi.

Автоөнеркәсіпті ынталандыру деңгейі автомобиль көлігі мен өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының барлық түріне мөлшерлемені 50 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді, - деді Скляр «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында. 

Сонымен қатар бірінші вице-премьер автосалондардағы автомобиль жетіспеушілігі әлемдегі микросхемалардың (чиптердің) жетіспеушілігімен байланысты екенін атап өтті.

Бұған қоса ол «Қазақстанда шетелден әкелінген көлікке дөңгелек сала салады» деген қауесетті жоққа шығарды. 

«Утилалым деген не? Бұл ең алдымен, экологиялық проблеманы шешетін экологиялық салық. Тағы бір маңыздысы, ол меншікті өндірістерді дамыту үшін ынталандыру шарасы. Еліміз осы жағынан көшбасшы емес. Қандай да бір шектеу отандық тауар өндірушілерді қорғау үшін жасалады. Әңгіме автоөнеркәсіп туралы болып тұр. Тарап жатқан қауесеттің бірі - «бізде автоөнеркәсіп жоқ, біз көлікке дөңгелек сала саламыз» деген әңгіме. Зауыттарға барып өз көзімен көрген қоғам белсенділері, блогерлер бар. Олар сұрақтарына жауап алды деп ойлаймын» - деп қосты Роман Скляр.

Утилалым төлемдерін есептеу үшін Қазақстанда базалық алым мөлшерлемесі - 50 АЕК пайдаланылады. Ол автомобиль түрі әрі санатына, сондай-ақ қозғалтқыш көлеміне байланысты коэффициентке көбейтіледі.

Осыған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі автонарықта нендей өзгеріс болатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама