×

Утилизация алымы: жеңіл және жүк көлігі, автобус, трактор, комбайндарға қатысты мөлшер қалай өзгереді

Қазақстанда утилизация алымы 50 пайызға төмендейді

 Ербол Тұрымбет 24.02.2022 | 09:52
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Үкімет утилизациялық алымның жаңа мөлшерін жариялады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, барлық көлік түрі мен ауыр шаруашылығы техникасы үшін утилизация алымы 50 пайызға төмендейді.

Жеңіл көліктерге арналған утилизациялық алым (қозғалтқыш көлеміне қарай):

  • 1 мың см³-ге дейін – 229 725 теңге (бұған дейін 459 450 теңге болған);
  • 1 001-ден 2 000 см³-ге дейін – 536 025 теңге (бұған дейін 1 072 050 теңге болған);
  • 2 001-ден 3 000 см³-ге дейін – 765 750 теңге (бұған дейін 1 531 500 теңге болған);
  • 3 001 см³-ден жоғары – 1 761 225 теңге (бұған дейін 3 522 450 теңге болған).

Ал электр қозғалтқышы бар көліктерге (гибридтік көліктерден басқа) утилизациялық алым салынбайды.

Жүк көліктеріне арналған утилизациялық алым (массасына қарай):

  • 2,5 тоннаға дейін – 536 025 теңге (бұған дейін 1 072 050 теңге болған);
  • 2,5-нан 3,5 тоннаға дейін – 1 148 625 теңге (бұған дейін 2 297 250 теңге болған);
  • 3,5-нан 5 тоннаға дейін – 1 148 625 теңге (бұған дейін 2 297 250 теңге болған);
  • 5-тен 8 тоннаға дейін – 1 225 200 теңге (бұған дейін 2 450 400 теңге болған);
  • 8-ден 12 тоннаға дейін – 1 454 925 теңге (бұған дейін 2 909 850 теңге болған);
  • 12-ден 20 тоннаға дейін – 1 608 075 теңге (бұған дейін 3 216 150 теңге болған);
  • 20-дан 50 тоннаға дейін – 3 139 575 теңге (бұған дейін 6 279 150 теңге болған);
  • электр қозғалтқыш орнатылған жүк көліктерінің утилизациялық алым мөлшері – 0 теңге.

Автобустарға арналған утилизациялық алым (қозғалтқыш көлеміне қарай):

  • 2,5 мың см³-ге дейін – 612 600 теңге (бұған дейін 1 225 200 теңге болған);
  • 2,5-нан 5 мың см³-ге дейін – 1 225 200 теңге (бұған дейін 2 450 400 теңге болған);
  • 5-тен 10 мың см³-ге дейін – 1 608 075 теңге (бұған дейін 3 216 150 теңге болған);
  • 10 001 см³-ден жоғары – 2 067 525 теңге (бұған дейін 4 135 050 теңге болған);
  • электр қозғалтқыш орнатылған автобустар (гибридтік көліктерден басқасы) – 0 теңге.

Тракторларға арналған утилизациялық алым (қозғалтқыш қуатына қарай, ат күшімен өлшенеді):

  • 60 ат күшіне дейін – 306 300 теңге (бұған дейін 612 600 теңге болған);
  • 61-ден 130 ат күшіне дейін – 842 325 теңге (бұған дейін 1 684 650 теңге болған);
  • 131-ден 220 ат күшіне дейін – 2 603 550 теңге (бұған дейін 5 207 100 теңге болған);
  • 221-ден 380 ат күшіне дейін – 4 441 350 теңге (бұған дейін 8 882 700 теңге болған);
  • 380 ат күшінен жоғары – 6 126 000 теңге (бұған дейін 12 252 000 теңге болған).

Комбайндарға арналған утилизациялық алым (қозғалтқыштың қуатына қарай):

  • 160 ат күшіне дейін – 1 378 350 теңге (бұған дейін 2 756 700 теңге болған);
  • 161-ден 220 ат күшіне дейін – 3 522 450 теңге (бұған дейін 7 044 900 теңге болған);
  • 221-ден 255 ат күшіне дейін – 4 900 800 теңге (бұған дейін 9 801 600 теңге болған);
  • 256-дан 400 ат күшіне дейін – 5 819 700 теңге (бұған дейін 11 639 400 теңге болған);
  • 400 ат күшінен жоғары – 6 891 750 теңге (бұған дейін 13 783 500 теңге болған).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама