×

«Қазақ еліне тағы бір қылмыстық іс»: қоғамдық ұйым араласқаннан кейін Антикор Қостанайда ауыз суға бөлінген қаржыны тексере бастады

Антикор қылмыстық іс қозғады

 Айнұр Шошаева 15.10.2022 | 14:48
Фото: ашық дереккөз

«Әділдік жолы» РҚБ көтерген Қостанай облысындағы ауыз суға бөлінген қаржының жымқырылуына байланысты Антикор қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы қоғамдық бірлестіктің атқарушы директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni

Дидар Смағұловтың мәліметінше, 2020 жылы Қостанай облысы, Меңдіқара ауданының Боровое және Первомайск ауылдарындағы су құбырын реконструкциялауға 1 935 523 100 теңге бөлінген. 

Шамамен 2 млрд теңге бөлінгеніне қарамастан тұрғындардың өмір сапасы жақсарған жоқ, сондықтан олар шағымдана бастады.  Әрі онысы орынды. Осы орайда мен жергілікті Мемлекеттік аудит департаментінің объективтілігін тағы д атап өткім келеді, өйткені барлық айыптаулар расталды. Аудит жергілікті шенеуніктердің нақты орындалмаған жұмыс көлемі үшін - 220 370 900 теңге төлегенін анықтады, – дейді Дидар Смағұлов. 

Сондай ақ ол реконструкциялау кезінде құбырлар дезинфекцияланбағанын, гидрооқшаулағыш пен қаптамалар ұрланғанын, бұған қоса сүзгілерге тексеру клапандары орнатылмағанын айтады. 

Клапандар туралы ұмытып кетті, бірнеше сорғылар, аспаптар мен автоматтандыру құралдары қолды болды және басқа да көптеген кемшіліктер бар. Химиялық талдау ауыз суда 1.32 (норма - 0) мөлшерінде жалпы колиморфты бактериялардың барын көрсетті. Колиформды бактерияларға ішек таяқшасы инфекциясы жатады», деп толықтырды ол. 

Аудит  220 млн.теңгенің басқа мақсатта жұмсалғаны ресми түрде анықтаған. «Әділдік жолы» ұйымының басшысы қазір аталған факті бойынша Антикор қылмыстық іс қозғананын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама