×

Еліміздің аумақтық тұтастығы сақталады – мемлекет басшысы

Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды

 Дастан Жұмабекұлы 27.09.2022 | 14:49
фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуде халықаралық ахуалға қатысты еліміздің ұстанымы туралы айтты.

«Біз мемлекеттігімізді сақтап, өсіп-өркендеуіміз үшін ел бірлігі ауадай қажет. Ал бірлік – бейбітшіліктің, тыныштық пен тұрақтылықтың кепілі. Осы орайда, қазіргі халықаралық ахуал жөнінде айта кеткім келеді. Өздеріңіз білесіздер, әлемдегі жағдай әбден шиеленісіп кетті. Осындай күрделі жағдайда Қазақстан халықаралық ұйымдарда, ең алдымен, Біріккен ұлттар ұйымында дауыс беру кезінде бейтарап ұстанымын сақтап отыр. Бұл біздің ұлттық мүддемізге сай келеді. Жеріміздің бүтіндігі және еліміздің амандығы – біз үшін бәрінен маңызды. Сондықтан парасаттылық пен сабырлық танытып, арандатушылардың жетегінде кетпеуіміз керек. Халқымыздың ең басты күші – бірлік, парасаттылық және төзімділік. Осы құндылықтардан айырылып қалсақ, елімізге үлкен қауіп төнеді. Мемлекеттердің территориялық тұтастығы міндетті түрде сақталуы керек. Бұл – негізгі қағидат», –  деді ол.

Одан кейін президент жақында БҰҰ-ның мінберінен мемлекеттердің территориялық тұтастығы міндетті түрде сақталуы керектігін айтқанын, өйткені, айналамызда соғыс болып жатқанда бұл мәселенің қай кезде болсын өзекті болатынын атап өтті.

«Айналамызда ауқымды соғыс болып жатыр. Біз осыны ескере отырып, ең алдымен, еліміздің қауіпсіздігін ойлауымыз керек. Шекарамыз бүтін болса, сырттан шабуыл жасалмаса, төрт құбыламыз түгел болады. Бұл – мемлекетіміз үшін, мен үшін аса маңызды міндет әрі басты мақсат», – деді мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама