×

Ресейде соғысқа жіберіп жатқан қазақтарды Отанына көшіруіміз керек - саясаттанушы

Жерсінуден қорықса, онда солтүcтік аймаққа жайғастыру қажет

 Еркеғали Болатұлы 27.09.2022 | 11:38

Ресейдегі қазақтарды Қазақстанға көшіріп, дереу азаматтық беру керек. «Сұрау бар» Youtube арнасының тұрақты сарапшысы, саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам Үкіметке осындай ұсыныс жасап отыр. Себебі көрші елде мобилизация басталғаннан бері соғысқа сондағы қазақ азаматтары да жіберіліп жатыр.

Қазір әлеуметтік желіде де көп айтылып жатыр. Қазақ азаматтары Ресейден бізге келуі керек. Келсін. Оларға шектеу болмауы керек.

Олар көп. Омбыда да, Астараханьда да. Алтайда қазақтар көп. Оларға арнайы мәртебе беру керек, жағдай жасалсын. Ал олар, меніңше, келуге дайын. Қандастарымыз ғой. Омбы да, Орынбор да өзіміздің көне жеріміз. Кейін ғой Ресейге ауып кеткені», - дейді саясаттанушы.

Сондай-ақ ол елге оралуды қалаған Ресей қазақтарына барлық жағдайдың жасалуы қажет екенін де ескертті. Азаматтықтан бөлек, жер, үй, тіпті жұмыс орны да ұсынылғаны дұрыс. Егер жерсінуден қорықса, онда солтүктік аймаққа жайғастыру қажет.

Келген соң азаматтықты созбай, беру керек. Өзгелер жүр ғой, пара береді де бір айдың ішінде азаматтық алып шыға келеді. Қазақтар 5-6 жыл жүреді. Өзіміздің қандастарымыз азаматтық ала аламай жүр.

3-5 ай тексеру керек. Сосын азаматтық берілсін. Жер, жұмыс берейік. Солтүстік облыстарға көшіру керек шығар. Сонда тұрсын. Жері де, менталитеті де сондағы орыстарға жақын. Отанымызға жеттік қой деп қайта олар қуанады», - дейді Сейдахмет Құттықадам.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама