×

Байден Ресейді БҰҰ жарғысын бұзғаны үшін айыптады

Батыс елдері РФ-ны жауыздық пен әскери қылмыстар үшін жауапқа тартатынын мәлімдеді 

 Дастан Жұмабекұлы 22.09.2022 | 11:18
фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Джо Байден БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөз сөйледі.

Ол өз сөзінде Ресейді Украинаға басып кіруге байланысты БҰҰ мүшелігінің негізгі қағидаларын бұзды деп айыптап, Путиннің әлемді ядролық қару қолданамын деп қорқытып отырғанын мәлімдеді.

Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі бола отырып, Украинаның тәуелсіздігіне қол сұғып, оны егемен ел ретінде әлем картасынан өшіруге тырысып, басып кірді.  Ресей осы әреттерімен БҰҰ жарғысының негізгі ережелерін бұзып отыр, –  деді АҚШ президенті.

Сонымен бірге ол Ресейдің Украинаның оңтүстік және шығыс облыстарын аннексиялау үшін жалған референдум ұйымдастырып жатқанын айтып, Путин Батыс елдерін жау көріп, бұл әрекетін ақтағысы келіп отырғанын атап өтті.

АҚШ президенті мұның шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Ресейді ешкім қорқытқан жоқ. Ресейден басқа ешкім жанжал іздеген жоқ. АҚШ соғыстың тез біткенін қалайды. Ешкімнің тәуелсіз мемлекеттердің аумақтық тұтастығына қол сұғуына қақы жоқ, –  деді Байден.

БҰҰ Бас Ассамлеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінде Ақ үй басшысы АҚШ одақтастарымен бірге алдағы уақытта міндетті түрде Ресейді жауыздық пен әскери қылмыстар үшін жауапқа тартатынын мәлімдеді.  

Байден БҰҰ-ға мүше әрбір ел Украинаның кез келген егемен мемлекет сияқты құқықтарына ие болуын қатаң түрде талап ету керектігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қайрат Сатыбалдының жазасын қайда өтейтіні анықталды

Ол ауыстырылғанға дейін Астанадағы тергеу изоляторында болады
06.10.2022 | 08:35

Павлодарда туған қызын зорлаған ер адамға химиялық кастрация жасалады

Ол 25 жылға бас бостандығынан айырылды
06.10.2022 | 07:40

Украинa армиясының қазіргі жоспары белгілі болды

Украина қарулы күштері солтүстік-шығыстағы Харьков облысын түгелге жуық азат етті
06.10.2022 | 06:29

«Әурет жерін ұстаған»: Ақтауда ер адам 8 жастағы қызды азғындамақ болған (ВИДЕО)

Қыз бен оның туысы мектептен келе жатқан. Ал ер адам оларды аңдып, үйдің жанында күткен
06.10.2022 | 03:02