×

Саясаттанушы кезектен тыс президент сайлауының несімен ерекшеленетінін айтып берді

Сарапшы сайлау президент өкілеті қысқарған жағдайда өтетініне назар аударды

 Халық үні 21.09.2022 | 20:00
Ермек Тоқтаров, фото: ortcom.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР президентін кезектен тыс сайлаудың күнін бекіту туралы жарлыққа қол қойды. Соған байланысты сарапшы пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақстан президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Ермек Тоқтаров сайлауға қатысуға ниетті адамдардың шешім қабылдауына 3 апта уақыты болғанын айтады.

Президент мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауы кезінде мәлімдеді. Яғни, ықтимал үміткерлердің ресурстарын бағалау және алдағы кезектен тыс сайлауға қатысу туралы шешім қабылдауы үшін үш аптаға жуық уақыт болды, - дейді сарапшы.

Сондай-ақ сарапшы Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы өтетіні туралы жолдауда айтқанын, сол уақыттан кейін бір айға жуық уақыт өткеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы сайлау өткізу туралы жариялағаннан кейін Жарлыққа қол қойғанына дейін бір айға жуық уақыт өтті,- дейді сарапшы.

Сарапшының айтуынша, қарашадағы ауа райы азаматтарға дауыс беруге келуге кедергі келтірмейді.

«Адамдар президент сайлауына белсенді қатысады. Тарихымызда қыс мезгілінде президент сайлауы үш рет өтті: 1991 жылдың 1 желтоқсанында, 1999 жылдың 10 қаңтары және 2005 жылдың 4 желтоқсанында өткен. Бұл сайлауға сайлаушылардың келуі 77,1% және 88,2% арасында болды. Сондықтан қарашада қазақстандықтар дауыс беруге белсенді түрде қатысады деуге болады», - дейді саясаттанушы.

Сарапшы бұл сайлау әлемдегі күрделі геосаяси және макроэкономикалық жағдаймен тұспа-тұс келгенін және сол арқылы ерекшеленетінін айтты. 

Ермек Тоқтаровтың айтуынша, мұндай жағдайда елдің ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын сақтау маңызды саналады. Президент сайлауы президент өкілеті қысқарған жағдайда өткелі жатыр. Себебі енді президенттің партия мүшесі болуға құқығы жоқ және тек бір мерзімге сайланады.

Айта кетейік, кезектен тыс президент сайлауы күні нақтыланған соң Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады. Президент биыл өзгерістер жылы болғанын айтып, кейінгі үш жылда жасалған өзгерістер мен конституциялық реформа мемлекеттік-саяси құрылымның жаңа үлгісін қалыптастырғанын айтты.

Сондай-ақ президент сайлау елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетінін айтты. Сол арқылы экономиканы тұрақты дамытуды, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады. 

«Мен жолдауымда бірқатар ауқымды әлеуметтік-экономикалық шаралар  қолға алынатынын жарияладым. Біз оның бәрін жақын арада жүзеге асыруымыз керек. Көп ұзамай қоғамға сайлау алдындағы тұғырнамамды ұсынамын. Онда әлеуметтік-экономикалық дамуды көздейтін жаңа бастамалар айтылады. Мемлекет басшысы ретінде сайлау науқаны қатаң түрде заңға сәйкес өтетініне кепілдік беремін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ президент сайлаудың отандық және шетелдік байқаушылардың қатысуымен әділ әрі ашық өткізілетінін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама