×

Рим папасы Украинаны қолдады

Патриот адам өз елін, жерін қорғайды

 Дастан Жұмабекұлы 16.09.2022 | 12:04
Фото: eurointegration.com.ua

Рим папасы Франциск Батыс елдерінің Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етіп жатқанын қолдайтынын мәлімдеді.

Моральдық тұрғыдан алғанда Батыс елдерінің Украинаға қару беріп жатқанын дұрыс. Мен оны қолдаймын. Өйткені, украиндар өз жерлерін қорғап жатыр. Өз елін, жерін қорғау деген бұл табиғи заңдылық. Ол Отанға деген сүйіспеншілікті білдіреді. Егер кімде-кім өз елін, жерін жаудан қорғамаса ол Отанын сүймейді. Отанын сүйетін адам өз жерін қорғау үшін қолына қару алады, –  деді ол.

Оның айтуынша, украиндар жаудан қорғану үшін соғысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама