×

Біз жылқы емес, тауық етінен «орыс бесбармағын» асамыз – Лагуткина (ВИДЕО)

Қазақстандағы орыстарда қазақы менталитеттің әсері бар дейді ол

 Еркеғали Болатұлы 16.09.2022 | 11:56

Орыс ұлтынан болсақ та біздің үйде қазақы салт-дәстүрлер ұстанады. Тіпті ет асып, күн-түн демей қонақ күтіледі. «...Сұрауы бар» Youtube арнасындағы Qazaq bol бағдарламасына сұхбат берген орыс қызы Юлия Лагуткина осылай дейді.

Қазақтың салт-дәстүрі – менің ең сүйікті тақырыбым. Мен орыстардың арасында өстім. Солтүстіктегі Лавровка деген ауылда. Орыстар өте көп тұрады. Бірақ ұстазымның арқасында кішкентай кезімнен сырға салу, тұсау кесу деген дәстүрлерді жақсы білемін.

Құдай қаласа, мені де қыз ұзату күтіп тұр. Наурыз кезінде ата-анамның үйінде кәдімгі бауырсақ пісіріп, бесбармақ дайындаймыз. Кейде әзілдеп айтамын, «орыс бесбармағын дайындайық» деп. Ол кәдімгі жылқының емес, тауықтың етінен жасалады. Батыста балық болса, бізде – тауық пен үйректің еті», - дейді Юлия Лагуткина.

Сондай-ақ ол таяуда Ресейге қонаққа барып келгенін айтты. Сонда Қазақстандағы орыстар мен Ресей орыстарының айырмашылығы жер мен көктей болатынын байқапты.

Біздің отбасымызда ерекше бір қонақжайлылық бар. Түн болса да келген кісіні күтеміз. Қазақстандағы орыстарда осындай қазақы менталитеттің әсері бар.

Ресейдің орыстары мен Қазақстанның орыстарын салыстырсақ, айырмашылық көп. Тамыз айында бір ай көлемінде Ресейде тұрып келдім. Томскке ағам көшіп кеткен», - дейді Лагуткина.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама