×

Рахым Ошақбаев Мұхтар Жәкішевті премьер-министрлікке ұсынатынын айтты

Сыбайлас жемқорлық айыптары бойынша 14 жылға бас бостандығынан айрылған ол түрмеде 11 жыл отырды

 Еркеғали Болатұлы 11.09.2022 | 12:48
фото: ашық дереккөз

Қазақстан халық партиясы (ҚХП) төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев «Baitassov Live» YouTube-арнасына берген сұхбатында егер өзі парламенттік сайлауда жеңіске жетсе, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма басшысы Мұхтар Жәкішевті премьер-министр лауазымына ұсынатынын айтты.

Оның айтуынша, елде еркін саяси бәсекелестік пайда болуы керек. Ал оның барлығына саяси партияларды тіркеу арқылы қол жеткізуге болады.

Тіркелген «Байтақ» экологиялық партиясынан Азаматхан Әміртаевты неге Экология министрі етіп ұсынбасқа? Немесе тіркелмеген «Еңбек» партиясы – құрылысшылар одағынан Талғат Ерғалиев бар. Ол неге құрылыс саласын басқармасқа, – деді Рахым Ошақбаев.

Еске сала кетсек, 2020 жылы 3 наурызда Семей қаласының қылмыстық соты Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырған болатын. 2009 жылы сыбайлас жемқорлық айыптары бойынша 14 жылға бас бостандығынан айрылған ол түрмеде 11 жыл отырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама