×

«Бізде тұрақтылық болуы керек». Белгілі саясаткер елорданың атауын қайтару туралы айтты

Ол депутаттардың екіжүзділігіне ары, намысы мен адами қасиеті жауап беруі керек деп есептейді

 Халық үні 10.09.2022 | 16:36
Фото: arasha.kz

Қаңтар оқиғасынан кейін зейнеткерлер қатарына қосылған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев «Тұңғыш президент күні» мерекесін жоюға қатысты пікір білдірді. Ол ойын «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.

Журналист Ербол Сейілхан «Астананың атауын ауыстыруға келісім берген депутаттардың, Назарбаевты мақтаған халық қалаулыларының қазіргі әрекеті екіжүзділік емес пе?» - деп сұрақты төтесінен қойды.

Сұраққа сәл кідіріп жауап берген саясаткер оған әрбір депутат өзі жауап беретінін жеткізді.

Оған әрбір депутаттың ары, намысы, адами қасиеті жауап береді. Осыдан бірнеше жыл бұрын тиісті заңды өздері қабылдаған» - деп қысқа қайырды.

Бұл жауапқа қанағаттанбаған жүргізуші: «Елорданың бұрынғы атауын қайтару керек пе?» - деп нақтылады.

Бұған жауап беру барысында Бердікбек Сапарбаев тұрақтылықтың маңыздылығына назар аударды.

Менің ойымша бізде тұрақтылық болуы керек. Бүгін былай, ертең былай деген болмайды. Онда бізге басқа ұлттар, басқа мемлекеттер қалай сенеді? - деп жауап қайтарды ол.

 

Сақа саясаткерге қойылған өзге де «ыңғайсыз» сұрақтардың жауабын төмендегі сілтемеден көріңіздер.

https://www.youtube.com/watch?v=btIOvx4FV4w

Серіктес жаңалықтары

Сараптама