×

Ресейліктердің 76 пайызы Украинамен соғысты қолдайды

«Қолдамайтын» респонденттердің саны небәрі 17 пайыз болған

 Дастан Жұмабекұлы 08.09.2022 | 15:48
фото: krymr.com

«Левада-центр» орталығы халықтан сауалнама жүргізіп, ресейліктердің 76 пайызы РФ армиясының Украинадағы басқыншылық соғысын қолдайтынын хабарлады.

2022 жылғы тамыздың аяғындағы ахуал бойынша, ресейліктердің 76 пайызы Ресей армиясының Украинаға қарсы жасап жатқан басқыншылық соғысын, олардың өздері басып алған аудандарда бейбіт тұрғындарды өлтіріп жатқандарын қолдайды, – делінген хабарламада.

Сауалнаманы «Левада-центр» 25-31 тамыз аралығында жүргізген.

РФ Қарулы күштерінің Украинадағы әрекеттеріне қолдау көрсету деңгейі жаз күндері өзгерген жоқ: Ресей қарулы күштерінің әрекеттерін «нақты қолдайындар» – 46%, «негізінен қолдайтындар» – 30%.. Ал «қолдамайтын» респонденттердің жиынтығы небәрі 17 пайыз болған.

Сауалнама бойынша РФ армиясының Украинадағы оккупациясын қолдайтындардың ең көп тобы орта жастағылар арасында барынша көп –  85%.

«Соғыс әрекеттерін жалғастыру қажет пе?» деген сауалға ресейліктердің тең жартысына жуығы (48%) «иә» деп жауап берген, бұлардан сәл азы – 44 пайыз адам бейбіт келісімге келуді жақтаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама