×

«Нұр-Сұлтанның атауын өзгерткенше, Павлодар мен Петропавлды қазақшалаңдар!» - блогер

Бір қала атауымен алыспай, әу баста қарсы шығу керек еді, дейді ол

 Халық үні 04.09.2022 | 00:34
коллаж: Halyq Uni

Танымал блогер, экономист Дәулет Мұқаев өзінің instagram-дағы парақшасында Мәжіліс депутаттарының Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгертуге қатысты жасаған ұсынысына пікір білдірді деп жазды Halyq Uni тілшісі. 

Біздің елде Елорда атауын өзгертуден басқа проблема жоқ. Oдан да Павлодар мен Петропавл атауын ауыстырыңдар, қазақшалаңдар. Зауыт-фабрика ашыңдар! Жоқ дегенде тіс шұқитын ши, ине-жіп немесе дәптер шығаратын цехымыз ашылсын, елдегі қымбатшылықпен күресіндер! Бір қала атауымен алыспай, әу баста қарсы шығу керек еді. 2019 жылы бүкіл депутат қол шапалақтап, отырған жерлерінен тік тұрып, қолдады емес пе? Тіпті, арасында еңкілдеп жылағандары да болды. Бүгін енді басқаша сөйлей бастады. Сол кезде халықпен санастыма?, - деп жазды ол. 

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанға құлақ та, көз де үйренді. Тұңғыш Президент ұнамай жатса, оны ойламаңыздар, елестетпеңіздер.

«Нұр - Алланың көркем есімдерінің бірі, Сұлтан - түркі халықтарына ортақ мағыналы жақсы сөз. Онсыз да сөз арасында Астана деп айтып жүрміз. Тағы да миллиондар бөлудің қажеті жош. Атау ауысқанымен ештеңе өзгермейді! Одан да қаланың ішіне өзгеріс жасау керек. Жыпырлатып үй сала бермей, кең көше керек. Мектеп, бала-бақша керек. Әлі күнге дейін мектептер 3 ауысыммен оқуда!»,- деп түйіндеді ол сөзін. 

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаттарының Астана атауын қайтаруды ұсынғанын жазған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама