×

Жастарға үлгі болар тұлғалардың тасадан шығатын ынтасы жоқ - саясаттанушы

Тәуелсіздіктен кейін туған жастар арасында 3 адамның есімі тарихи тұлға ретінде жиі аталады

 Еркеғали Болатұлы 25.08.2022 | 09:46

Саясаттанушы Кәмила Смағұл «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатында «Қазіргі жастардың қаһарманы кім?» деген тақырыпта ой толғады. Оның айтуынша, жастарға үлгі көрсете алатын тұлғалар бар, бірақ олар көлеңкеде.

«Алаш зиялыларын жастар үлгі-модель көргісі келеді. Осы ғасырда ондай тұлғалар қалыптаспады деп айтпаймын. Бірақ олар көпшілікке танымал емес. Бәлкім көпшіліктің алдына шыққысы да келмейді», - дейді саясаттанушы.

Бұл ретте ол қазіргі заманның ұлт зиялылары ғылым адамдары деп есептейді. Алайда олар жастардың қаһарманына айнала алмай отыр.

Қанша тарихшыларымыз, әлеуметтанушыларымыз бар. Бірақ олардың уақыты да, мүмкіндігі де жоқ. Мүмкін ынтасы да жоқ шығар, - дейді Кәмила Смағұл.

Айтуынша, қазіргі жастар сондай тұлғаларға шынымен зәру. Тәуелсіздіктен кейін туған жастар арасында жүргізілген сауалнамада 3 адамның есімі тарихи тұлға ретінде жиі аталады екен. Олар – Әлихан Бөкейханов, Дінмұхамед Қонаев және Нұрсұлтан Назарбаев.

«Себебі ресми нарратив осы үш фамилияны айтады. Бөкейхановтың атын соңғы жылдары жиі естиміз. Оны, тіпті, Назарбаевтың есімімен қатар атауға басымдық берілетін нарратив басталды. Бұл – табиғи құбылыс», - дейді сарапшы.

Жастар арасында Әлихан Бөкейханов пен Дінмұхаммед Қонаевтың ерекше әспеттелуін 30 жыл өзгермеген саяси жүйеге наразылық көрінісі ретінде де бағалауға болады деген пікірде ол.

Сұхбаттың толық нұсқасы жоғарыдағы видеода.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама