×

«Ресейде де бар». Аймағамбетов онлайн мектептер мен колледждер қалыптастырмақ

Бізде мәселенің «жоқ» екенін айтудан гөрі, оны шешіп, заңдастыру керек дейді ол

 Еркеғали Болатұлы 20.08.2022 | 15:31
Фото: Тұрар Қазанғапов

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда онлайн мектеп мен колледждер бойынша норма заңды түрде бекітілуі мүмкін екенін айтты. Сонымен қатар алдағы уақытта онлайн білім беруге арналған біліктілік шарттары да жасалатынға ұқсайды.

Пандемия барлығымыз үшін үлкен сын болды. Жүйені бір сілкінтіп алды. Әрине, онлайн білім беруге әртүрлі көзқарас болуы мүмкін, дегенмен мұның шындыққа айналғанын түсінуіміз керек. Біздің онлай мектептер мен онлайн колледждер бойынша норманы заңды негізде бекіту үшін шара қабылдағымыз келеді, – деді ол.

Әрине бұл мәселе бірден шешілмей, алдын ала талқылаудан өтеді.

Қазір интернеттің шекарасы жоқ. Егер балалар біздің елде белгілі бағыттар бойынша онлайн колледжде білім ала алмаса, оны өзге елдердің онлайн колледждерінде оқи алады. Сондықтан бізде мәселенің «жоқ» екенін айтудан гөрі, оны шешіп, заңдастыру керек, – деді министр.

Оның айтуынша, бүгінде Ресейдегі Фоксфорд онлайн мектебі 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін білім беріп, мемлекеттік үлгідегі аттестат ұсынады. Ал оқыту бағдарламасына барлық пәндер қосылған. Білім беру ақылы негізде жүргізіледі. Сондай-ақ Ұлыбританияда да онлайн мектептер тіркеле алады. Онда тек химия пәнінде ғана зертханалық тәжірибе офлайн режимде жасалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама