×

Украин достарымыздың жағында боламыз – Ердоған

Ал Зеленский Путинге соғысты тоқтату үшін өзінің талаптарын қойды

 Дастан Жұмабекұлы 19.08.2022 | 17:08
фото: bbc.com

Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоған БҰҰ-ның Бас хатшысы Антонио Гутерришпен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуден кейін мәлімдеме жасады.

Ол Львов қаласында Түркияның Украинадағы соғыстан зардап шеккен адамдарға қолда бар көмектің бәрін көрсетіп жатқанын, Анадолы елінің  украин халқына гуманитарлық көмек ретінде 98 жүк көлігін жібергенін атап айтты.

Біз соғыс басталғаннан бері украин халқының шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін гуманитарлық көмек көрсететін 98 жүк көлігін жібердік. Біз Украинада жағдай қалпына келгенше оларды орналастыру үшін 325 мыңға жуық украиндықты, оның ішінде 1099 жетім баланы және 408 адамды уақытша елге қабылдадық. Жалпы, 1507 адам қоныс аударды, –  деді ол.
 

Сонымен бірге ол Түркияның Запорожье атом электр станциясының айналасындағы қақтығыстарға алаңдаушылық білдіріп отырғанын, шиеленісті дипломатиялық жолмен тоқтатуға тырысып, украиндық достарымыздың жағында болатынын ескертті.

Біз жаңа Чернобыльды қаламаймыз. Запорожье атом электр станциясының айналасындағы қақтығыстар тоқтау керек. Бұл кездесудегі ортақ мақсат – екі елдің ынтымақтастығын нығайтып, достық қарым-қатынасты дамыту, –  деді Ердоған.

Жалпы, Львовта Ердоған Зеленский мен Путиннің кездесуі үшін барын салғанымен одан еш нәрсе шықпағанын айту керек. Украина президенті Түркияның басшысына соғысты тоқтату үшін өзінің талаптарын қойды.  

Ол Ресеймен келіссөз болу үшін әуелі Путин Украинаның басып алған дерлеріндегі барлық әскерін әуету керек деп кесіп айтты.

Сонда ғана келіссөз қайта басталуы мүмкін, –  деді Зеленский.

Бұған Ресей тарабы әлі жауап берген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама