×

Қуат Хамитов енді көлік кептелісімен «күресе» бастады

Ол солға бұрылыстарды алып тастауды ұсынды

 Дастан Жұмабекұлы 10.08.2022 | 14:57
фото: ашық дереккөз

Аралас жекпе-жектің өкілі Қуат Хамитов Алматы көшелеріндегі кептеліс проблемасын қалай шешу керектігін айтты.

Ол әлеуметтік желіде жағдайды қалай жақсартуға болатынын айтып, видео жариялады.

Менің ойымша, барлық солға бұрылыстарды алып тастау керек. Егер сіз үнемі көлікті оңға бұрсаңыз, қалада кептеліс болмайды, –  деді Хамитов.

«Найман» қаңтар айында Алматыдағы қанды оқиғаның бел ортасында жүрген еді. Содан кейін ол аралас жекпе-жекке мүлдем шықпайтынын айтты. Алайда, жақында файтер жекпе-жекке қайтып шығамын деп мәлімдеме жасады. Шілде айында ол UFC ұйымының бұрынғы файтерімен кездесуді ұйымдастырып беруді сұрады. 

Қазір ол осы айқасқа дайындықты бастап кетті. Кездесудің өтетін күні мен орны әзірге белгісіз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама