×

«Бізден алыс жүріңдерші»: қазақстандық орыс жігіті Медведевке жауап берді

Өз елім үшін қасық қаным қалғанша соғысамын

 Дастан Жұмабекұлы 05.08.2022 | 17:19
фото: ашық дереккөз

Facebook желісінде Қазақстанда тұратын орыс азаматының ВКонтакте-де Ресейдің экс-президенті Дмитрий Медведевтің жазбасы болуы мүмкін материалға қатысты видеосы шықты.

Ол «Қазақстан – қолдан жасалған жасанды мемлекет» деп айыптауға қатысты жауап беріп, көрші елдің арандатушылары туралы бар ойын ашық айтты. 

Медведевтің не жазғанын бәріңіз де оқып, көрген шығарсыздар. Мен Қазақстанда туған орыс ретінде жауап бергім келеді. Бізде ешқандай ұлтшылдық жоқ. Бізге мұнда ешкім тиісіп жатқан жоқ. Бізден алыс жүріндерші. Қазақстанды жайына қалдырыңдаршы. Біз Қазақстанда жақсы тұрып жатырмыз. Қазақтар әрдайым қонақжай халық. Олар сондай болған, болып қала береді де. Мен олардың бір ажырамас бөлігі екеніме мақтанамын. Қазақ халқына алғысым шексіз. Өз елім үшін соңғы демім қалғанша, қасық қаным қалғанша соғысамын. Сондықтан Қазақстанда орыстарға қысым көрсетіліп жатыр деген әңгімені қою керек. Бәріне рахмет! Ал қазақ халқына құшағына қысып жүргенің үшін мың алғыс, көп рахмет!, –  деді орыс жігіті.

Ресейдің экс-президенті Медведевтің Қазақстанға қатысты «жазбасы» жарияланған болатын. Ол кейін «оны мен жазған жоқпын» деп ақталып шыға келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама