×

Белгілі жазушы Мәсімов туралы мақаласынан кейін ұлы мен қызының мемлекеттік қызметтен шеттетілгенін айтты

Қаламгер Кәрім Мәсімов пен Бауыржан Байбектен көрген «қорлығын» айтып берді

 Халық үні 04.08.2022 | 10:21
коллаж: Halyq Uni

Жазушы, драматург, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Софы Сматаев мемлекеттік қызметтегі ұлы мен қызын ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов бір күнде жұмыстан шығарып жібергені туралы айтты. Ол Кәрім Мәсімовке қатысты жазған мақаласы бойынша ұл-қыздарының мемлекеттік қызметтен аластатылғанын, Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің «тұқыртқанын» жазды.

«Құдайға шүкір екі ұл, бір қыз, төрт немерем бар. Бәрі университет тәмамдаған мамандық иелері. Қызым университеттен соң KIMEP-те ағылшынша оқып, сонда ағылшын тілінде сабақ та берген. Кейінде екі министрлікте қызмет істеп жүрген ұлым мен қызымды Кәрім Мәсімов бір күнде жұмыстан шығарып жіберген еді. Оған себеп – менің «Қ.Мәсімовтың Қытай мен Ресейдің жоғын жоқтап, қазақ мүддесін аяққа таптап отыр» деген мақаламның жарық көруі еді.

Үш баламды да мемлекеттік қызметке маңайлатпаған соң, аулақтанып қалып, тиіп-қашты шаруамен күн көріп жүр», - деп жазды жазушы.

Одан бөлек, жазушы Барселонада оқуын бітірген немересін қызметке алуын сұрап ҚР тұңғыш президентіне хат та жазған. Сосын Назарбаевтың «тапсыруымен» қала әкімі (Алматы – ред.) болған Бауыржан Байбек жазушының немересіне жалақысы 35 теңгені құрайтын Ұлттық Сарайдың аула сыпырушысының (дворник) орынбасарының «лауазымын» ұсынған.

«Мазақтағандай төбемнен басып, төмен тұқыртқан. Иә, бұл менің отбасымның өзгелерден озбаған да, қалмаған да күйі ғана.

Мені тіркеуге ҚР-на еңбек сіңірген қайраткерлігі бүгін жарамайды. Тіркетуге керегі – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болуым. Немесе Қазақстанның Еңбек ері атағын алуым ғана. Ал ол екеуінің маған бұйыра қоюы қиын-ау», - деп жазды жазушы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама