×

Психолог баланы телефонға тәуелділіктен арылтудың әдісін айтты

Адамның жан-жақты, еркін ойлы болып өсуі ата-атаға байланысты

 Дастан Жұмабекұлы 25.07.2022 | 14:40
Көрнекі фото

Ресейлік психолог Александра Фокина балалардың телефоннан бас алмауының себебін айтты. Ол түрлі гаджеттерге «байланып» қалған балаларды тәуелділіктен арылтудың жолын да көрсетті.

Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Психологтың айтуынша, егер бала телефоннан мультфильм көруге, ойын ойнауға құмар болса, ата-анасына баласына интернеттегі өмірден аластатудың бірнеше қарапайым әдісін көрсеткен дұрыс. Психолог біріншіден бала гаджетсіз жүргенде, басқа нәрсемен шұғылданып отырғанда оған жиі мақтау сөз айтуға кеңес береді.

Балаңыздың сол кезде немен айналысып отырғанын айтыңыз. Мысалы, оның шығармашылық қабілетіне сүйсініп, жақсы сөз айта біліңіз. «Сенде өзің нағыз шығармашылық адам екенсің ғой. Мына жер шығармашылық студия болып тұр ғой», деп айтыңыз, – деп психолог бір-екі нұсқаны айтты.

Фокинаның айтуынша, балалардың электрондық құрылғыларға тәуелділігі бекерден бекер емес. Өйткені, ол ата-ананың өзіне ыңғайлы болуы мүмкін. Ата-ананың көбісі балаға қарауға шамасы келмесе, оның қолына өздері-ақ гаджеттерді ұстатып қояды. Сөйтіп, мультфильмдердің «көмегіне» жүгінеді.  

Мұндай жағдайда психолог ата-аналарға өздерін өзгертуге кеңес береді.

Ата-ана өзгерсе, балаға жақын болса, баланың өмірі де өзгеріп шыға келеді, – деді ол.

Оның айтуынша, баланың жан-жақты, еркін ойлы, сергек болып өсуі, азамат болып қалыптасуы ата-атаға байланысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама