×

«Ресейдің лоббиіне қарсы тұру үшін мінез керек» - экс-министр (ВИДЕО)

Шын мәнінде қант тапшылығының тағы бір себебі бар екен

 Халық үні 21.07.2022 | 23:18

Қазақстандағы биылғы трендтегі тақырыптың бірі - қант тапшылығы. Тіпті әлеуметтік желіде шекерге таласып жатқандардың видеосы қаптаған. Дефицитке, әрине, әдеттегідей Ресей қатысты. Яғни, бірінші Украинамен арада жүріп жатқан соғыс кесірінен көрші ел Қазақстанға экспортты шектеген. Өткен аптада қантқа жауапты қос министр Ербол Қарашөкеев пен Бақыт Сұлтановқа Президенттен сөгіс алғаны бар. Шын мәнінде қант тапшылығының тағы бір себебі бар екен. Оны «Сұрауы бар» YouTube арнасына сұхбат берген бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ашып айтты. 

«Кезінде Ресейдің лобби саясатын байланысты біздің елімізге сырттан дайын қант және қант жасайтын шикізатқа кедендік баж салынған. Сондықтан біз Ресей қантына тәуелді болып қалдық. Кезінде Ресей: «Қорықпаңдар, біз жетпей жатса, өз қантымызды толық жеткіземіз, бастарың ауырмасын» деген сөзіне Үкімет сеніп, тиісті министрлік 2019 жылы ЕАЭО шеңберінде осындай баж салығына келісіп, қол қойған. Соған байланысты біздің логистикалық, транспорттық байланыс 2019 жылдан бері жойылып, зауыттар шикізатсыз қалып отыр», - дейді экс-министр.
 
Бірақ Украина мен Ресей арасындағы соғыстың жүріп жатқанына 5 айдан асты. Кедендік қиындықтарды Қазақстан Үкіметінің ендігі реттеп, бір жағына шығарып қоярына болар еді ғой. 

«Соғыс кеше басталған жоқ. 5 ай болды. 5 айдың ішінде өзіміздің зауыттарды іске қосатын мүмкіндіктер болатын еді», - дейді Асылжан Мамытбеков. 

Осы тұста «Сұрайы бар» жобасының жүргізушісі Ербол Сейілхан: «Біздің Үкімет Ресейдің сөзіне сеніп қалатын бала емес қой?» - деп сұрақты төтесінен қойды. Жауап та турасынан берілді. 

«Ресейдің лоббиі өте үлкен. Оларға төтеп беру және солардың саясатын қарсы тұру керек. Оған мінез керек. Бет бұрыста та керек», - дейді экс-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама