×

«Мұның бәрі өсек-аяң»: Кремль Путиннің денсаулығына қатысты жауап берді

Ақпаратты АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы да растады

 Дастан Жұмабекұлы 21.07.2022 | 17:50
фото: bigmir.net

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің денсаулығына қатысты сұраққа жауап берді. Ол РФ басшысының ауырып жүргені туралы ақпараттың бәрі өсек-аяң екенін айтты.

Бұл туралы «Новости» ақпарат агенттігі хабаралды.

Путиннің денсаулығы жақсы. Соңғы кезде америкалық, ұлыбританиялық, украиналық ақпарат құралдары президенттің денсаулығы туралы түрлі өсек-аяң таратып жатқанын білесіздер. Бұл өсектен басқа ештеңе емес. Біз бұл туралы айтып жүрміз, –  деді Песков.

Бұл ақпаратты АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы да растады. Оның басшысы Уильям Бернстің айтуынша,  Ресей басшысының денсаулығы жақсы. Президент Путиннің денсаулығына қатысты көптеген қауесет бар. Ол сап-сау. Бұл барлау қызметінің расталған мәліметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама