×

Қазақстанда сатылып жатқан шошқа майына «халал» белгісі жапсырылған (ВИДЕО)

«Енді салоның өзі халал», - дейді видео авторы

 Еркеғали Болатұлы 19.07.2022 | 15:02
фото: видеодан скриншот

Қазақстандағы супермаркеттердің бірінде Беларусь елінен импортталған шошқа майы «халал өнімі» стандарты негізінде сатылып жатқанға ұқсайды. Ол туралы видео кеше әлеуметтік желіде тарады.

Енді салоның өзі халал, - дейді видео авторы.

Оны көрген желі қолданушылардың кейбірі «халал» белгісін әлдебіреу әдейі жапсырып қойған шығар деп сенер-сенбесін білмей дал.

«Халал» деген жазуы бар қағазды үстіне жай қоя салған», «Бұл жапсырмаға емес, майдың құрамына зер салу керек» деп жазды олар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама