×

«Жағдай өте қиын»: Мәжіліс депутаты да Үкіметке баға берді

Халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлап кетті

 Дастан Жұмабекұлы 14.07.2022 | 16:27
фото: camonitor.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тқрағалық етуімен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларына қатысты ой-пікірін білдірді.

Ол Мемлекет басшысының Үкіметке экономикалық дамудың барлық саласы бойынша сөгіс жарияланғанын, Министрлер кабинетінің жұмысына көңіл көншітерлік баға бере алмайтынын атап өтті.

Отырыста халықтың көкейінде жүрген әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша нақты кемшіліктер анықталып, жұмысты қалай жүргізу керектігі жөнінде бағыт-бағдар берілді.

Бүгінгі күнгі ең басты проблемасы -  бағаның шарықтап кетуі. Барша азаматтар осы проблемадан зардап шегуде. Бұл мәселені Президент «шегелеп айтты» десе болады», –  деп Тоқаевтың отырыста айтқан проблемаларын атап көрсетті. Ол Президенттің төменде жарияланған тезистерімен келісетінін айтты.

1. Инфляция деңгейі 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті.

2. Бағаның шарықтап кетуіне азық-түлік инфляциясы әсер етуде. Оның деңгейі 19,2 пайызға жетті. Жалпы, азық түліктің кейбір түрлері 80-ға пайызға қымбаттады.

3. Үкіметтің бағаны тұрақтандыру шаралары тиімсіз болып шықты. Үкімет инфляцияны ескі әдістермен тоқтатқысы келеді.

4. Тұрақтандыру қорларының қайтарымы төмен.

Осы жерде Мәжіліс депутаты тұрақтандыру қорларының көбінесе коррупцияның алаңына айналғанын айтты.

5. Көтерме Сауда жүйесінде тәртіп орнату қажет. Алып-сатарлық, бағаны жасанды түрде көтеру проблемасымен күресу маңызды.

6. Күрделі геосаяси жағдайда еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз ету басты міндет. Әлемде Азық-түлікке бағаның өсуі 34-пайызға жеткен.

7. Біз қант бойынша, 90-пайыз импортқа тәуелдіміз. Үкіметке қант өнеркәсібін дамытудың жаңа жобасын жасап, іс-жүзіне асыру қажет.

8. Жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударатын кез келді. Жыл сайын еңбек нарығына 300-мыңға жуық жастар шығады.

9. Елімізде Жаңаөзендегі орташа еңбекақы ең жоғары деңгейі бойынша көш бастап тұр. Жұрттың барлығын мұнай-газ саласында жұмысқа тұрғызу мүмкін емес. Мұны ашық айтуымыз қажет.

 Жағдай өте қиын. Халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлап келеді. Үкіметтің ең басты міндеті өте күрделі геосаяси жағдайда, геоэкономикалық турбуленттілік жағдайында халықтың әл-ауқатын сақтап тұру, – деді Ерлан Сайыров.

Оның айтуынша, Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы проблемаларды дер кезінде айтып, мәселе етіп көтеріп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама