×

«Назарбаевтың басты қылмысы – халықтан билікті тартып алды» – Серік Әбдірахманов (ВИДЕО)

Өтірік сайлаулар арқылы тартып алды... 

 Халық үні 13.07.2022 | 20:51

Белгілі қоғам қайраткері, экс-депутат Серік Әбдірахманов, отыз жылда  сайлау науқандарын ұйымдастырған Орталық сайлау комиссиясының барлық төрағаларын жауапқа тартып, құқықтық бағасын беру керек деп есептейді. Бұл туралы ол «...Сұрауы бар» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты. 

«Назарбаевтың ең басты қылмысы – билікті халықтан тартып алды. Өтірік сайлаулар арқылы тартып алды. Осыған баға беруіміз керек. Сол себепті осы сайлау процестеріне қатысқандарды қылмыстық жауапқа тарту керек», - дейді экс-депутат

Алайда ол үшін бірінші кезекте сот жүйесін өзгерту керек деп жалғастырады сөзін Әбдірахманов. Бұл жүйедегі барлық былықтарды білемін деген экс-депутат, сөзімді салмақтайтын дәлелдерім бар деді.

«Олардың барлығы тағайындалады, орындарын сатып алады. Қазір ақшаларын қайтарып отыр. Сауда-саттық қазір сот жүйесінде әлі тоқтаған жоқ. Мына түрімізбен қайда барамыз? Прокуратура сол баяғы рэкет. Дәлелдер келтіре аламын. Мен Бас прокурордың қабылдауына сұрандым. Біреуі де қабылдамайды» - дейді Серік Әбдірахманов. 

Әділ сайлау құқығынан айырылған халықтың қолында билігі жоқ, тәуелсіздігі жарым-жарты деп есептейді белсенді. 

«Тоқаевтың алдына түрлі кірушілер бар, жалайырлар бар. Сол жалайырларға мен бір үндеу жасағым келеді. Барыңдар, бауырларыңды құтқарыңдар! Халыққа сенсін, сайлау өткізсін. Партияларды тіркесін, халыққа жақындасын. Тоқаев қабылдаса тек осыны айтамын» - дейді Әбдірахманов. 

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ үлкен саясатта болған Серік Әбдірахманов, өзінің айтуы бойынша 2007 жылы еркін мәлімдемелеріне байланысты қызметтен шеттетілген. Зейнет жасына келген саясаттанушы қазір ресми түрде жұмыссыз. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама