×

«Қолдарыңнан іс келмесе, орындарыңды босатыңдар»: жұмысшының жанайқайы желіде тарап жатыр

Жергілікті басшылардың дәрменсіздігін сынға алды

 Дастан Жұмабекұлы 07.07.2022 | 11:40
Көрнекі фото

TikTok әлеуметтік желісінде еліміздің батыс өңірлерінің бірінде түсірілген видео кеңінен тарап, қызу талқыланып жатыр.

Бейнежазбада аты белгісіз жұмысшының жергілікті басшылармен кездесуде мұнай компаниясынан ақшаны өндіре алмай, жанайқайын айтып жатқаны түсірілген.

Жұмысшы оларға бірнеше күннен бері күнді күн, түнді түн демей ғимараттың алдында тұрып әділдікті іздеп жатқанын, өзі сияқты адамдардың талаптарының басшылық тарапынан ескерусіз қалып отырғанын айтып, жергілікті басшылардың дәрменсіздігін сынға алды.

Халыққа дегенде заң бар да, ал олигахтарға дегенде заң жоқ. Бұл деген не зат?! Мен осы жерге басымды тігіп келіп отырмын. Түнімен ұйықтамай, далада жаттым. Біреуің келіп, әңгіме айтқан жоқсыңдар. Біз өмірге мал, құл болып өмір сүру үшін келген жоқпыз. Мұндай жиналыстарың құрысын! «Адамның басын айналдырып, әкімдіктің алдында тұрма, мына жерге жиналма», деген әңгімелерің құрысын! Бізді 19 миллион халықты ойлайтын министр, депутатымыз қайда?! Халық үшін жауап беріп жатқан адам қайда?! Кеше Президентіміз «жаңа Қазақстан, әділ Қазақстан құрамыз», деп айтты. Дым орындап жатқан жоқсыңдар, дым. Қолдарыңнан іс келмесе, орындарыңды босатыңдар! Дәл қазір! Ақшаны «Өзенге» аударып беріңдер, болды. Артық әңгіменің керегі жоқ. Сендер міне, ауыз жаласып алты адам болып келіп отырсыңдар. Тап осы мәселені шешіп беріңдер!, - деп қадап айтты жұмысшы.

Бұл видеоның қай жерде, қай кезде түсірілгені белгісіз. Кейбір дерекке қарағанда, ол ақпан айында түсірілген. Оның әлеуметтік желіде кең тарап жатқанына қарағанда, жұмысшылар мен басшылардың арасындағы әңгіме Маңғыстау облысында болған сияқты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама