×

Ресей Алясканы кез келген уақытта қайтара алатынын еске салды

Батыс елдері Орталық банктің алтын-валюта қорындағы 643 млрд долларын бұғаттаған

 Дастан Жұмабекұлы 07.07.2022 | 10:47
Көрнекі фото

Мемлекеттік думаның төрағасы Вячеслав Володин кез келген уақытта Ресей Федерациясының құрамына Америка Құрама Штаттарының Аляска штатын қайтара алатынын айтты.

Бұл туралы ол Думаның отырысында мәлімдеді, деп хабарлады «Новости» агенттігі.

Әдептілік, парасаттылық – әлсіздік емес. АҚШ біздің шетелдегі байлықтарымызды оңды-солды пайдалана берсе, кез келген уақытта Американың жерлерін тартып ала аламыз. Мысалы, Алясканы қайтарып алуға болады. Аляска бір кездері Ресейдің құрамына қараған. Соны есте ұстаған жөн. АҚШ ресейлік ресурстарды пайдаланбас бұрын біздің де «қайтаратын нәрсе бар» екенін түсінуі керек, - деді ол.

Ресей әскерінің Украинаға қарсы соғыс бастағаннан кейін, 27 ақпанда Батыс елдері Ресей Орталық банкінің алтын - валюта қорындағы 643 млрд долларын бұғаттаған болатын.

27 маусымда G7 басшыларының саммитінде Батыстың жетекші жеті мемлекеті Украинаға көмектесу үшін бұғатталған ресейлік активтерді пайдалануға рұқсат берді.

Украинаның Премьер- министрі Денис Шмигал 4 шілдеде Луганода өткен халықаралық конференцияда Украинаны қалпына келтіруге кем дегенде 750 млрд доллар қажет екенін мәлімдеді.

Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин Алясканы қайтарамыз деп осы жағдайға қатысты айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама