×

Астролог Украинадағы соғыстың қашан бітетінін айтты

Шайқастардың шарықтау шегі шілденің соңында болады

 Дастан Жұмабекұлы 01.07.2022 | 13:25
фото: zn.ua

Астролог Влад Росс Украинадағы соғыс қай кезде бетбұрысты кезеңге жететінін айтты.

Бұл туралы «УНИАН»  хабарлады.

Оның болжауынша, биылғы шілденің соңы мен тамыздың басында Марс пен Уранның бір-бірімен біріккен уақытында Украинадағы соғыс ең күрделі күндерді бастан кешеді.

Ресейдің тұмсығы тасқа соғылады, Украина аяусыз қарсы шабуылдарға шығуды бастайды, сосын біржақты шабуылды қолға алады, – деді ол «Знай 24» эфирінде сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, қыркүйектің 4-нен бастап Украинада жақсы ахуал орнайды. Бұл уақытта басқыншылар жеңіліп жатқандарын түсінеді.

Әрине, шілденің соңы мен тамыздың басында украиндар оккупанттарды қатты қақпанға түсіреді, – деді Росс.

Журналистің Украина соғыста қандай жолмен жеңетінін, соғыспен бе, әлде саяси келісіммен бе, деген сұрағына көріпкел қыркүйекке дейін келіссөздің бола қоймайтынын айтты.

Бұдан кейін украиндар оған бара да қоймайды. Жұлдыздар жеңістің соғыс арқылы келетінін көрсетіп тұр, – деп жауап береді.

Бұған дейін тағы бір астролог Анна Карпеева Украинадағы соғыстың жаңа бетбұрысы шілденің соңы мен тамыздың басында басталатынын болжаған болатын. Сол кезде соғыстың шарықтау шегі болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама