×

«Ұйқыдағы ұяшық». Сәтбаевта діни радикализм кез келген уақытта қайта өршуі мүмкін – сарапшы

Сирия мен Ирактағы соғысқа кеткен 500 адамның 250-ге жуығы Жезқазған мен Сәтбаевтан шыққан

 Динара Амантай 01.07.2022 | 09:58

Ұлытау облыс болып қайта құрылғанда өңірдегі діни радикалдар қайтадан бас көтеруі мүмкін бе? Бұл сұрақтың жауабы «Сұрауы бар» YouTube арнасында жарияланған «Сәтбаев: мыс, миссионерлер және діни экстремизм» шағын деректі фильмінде айтылады. Кеншілер қаласында діни ахуалға жауапты мамандар жағдайды «тұрақты» деп бағалағанымен, әлі де болса қауіп сейілмеген.

Осыдан он шақты жыл бұрынғы ахуалға қараған кезде қазіргі жағдай тұрақты деп баға беруге болады. Алайда түбегейлі бұл мәселені шешіп тастадық, шешімі табылды деп айтуға келмес. Өйткені ол қашан да бола беретін «ұйқыдағы ұяшық» қой. Бұл – идеологияның жетістігі, жемісі де осы. Кез келген уақытта ол қайтадан «бұрқ» етуі мүмкін, – деді Сәтбаев қаласы Дін сұрақтары бойынша кеңес беру орталығының басшысы Жасұлан Нұрмұқан.

Бірқатар әлеуметтік зерттеулер бойынша, Қазақстаннан Сирия мен Ирактағы соғысқа кеткен 500 адамның 250-ге жуығы Жезқазған мен шағын ғана Сәтпаевтан шыққан. Сәтбаев қаласында «Жусан» арнайы операциясы бойынша елге қайтарылған 6 отбасы өмір сүріп жатыр. Құзырлы органдар олармен байланыста болғанымен, азаматтар көпшіліктен оқшау өмір сүруге тырысады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама