×

НАТО ресми түрде Ресейді өзіне қауіпті ел деп таныды

Тұжырымдама Альянс лидерлерінің саммитінде қабылданды

 Дастан Жұмабекұлы 30.06.2022 | 16:08
фото: eadaily.com

НАТО-ның жаңа стратегиялық тұжырымдамасында Ресейдің өзіне қатысты статусы өзгертіліп, ол қауіпті ел деп танылды.

Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Енді Альянс бұдан былай Ресейді өздеріне тікелей қатер төндіретін ел деп есептейді. Ол алдағы он жылдыққа арналған тұжырымдама атап көрсетілді.

Тұжырымдама НАТО лидерлерінің саммитінде қабылданды.

Сонымен бірге Альянс Ресеймен конфронтацияға баруға ұмтылмайды және Ресейге өз бетінше ешқандай қатер төндірмейді.

Тұжырымдама Альянстың Ресейді өзіне жау санайтынын немесе санамайтынын ашып айтпайды. Бірақ оның тарапынан болуы мүмкін агрессияға әркез дайын тұрады.

Ешкім біздің күшімізге және одақтастардың әрбір сүйем жерін батыл түрде қорғайтынымызға, одақтастардың егемендігі мен территориялық тұтастығын қорғауға және қандай да бір агрессияға тойтарыс бере алатынымызға күмән келтірмеуі тиіс, – делінген құжатта.

Саммит кезінде Түркияның Альянсқа Швеция мен Финляндияның қабылдануына қарсылық ветосын алып тастағаны белгілі болды.

Сонымен бірге саммитте Польша жерінде НАТО-ның бір штабы орналасатын болып шешілді.

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Швеция мен Финляндияны бүгін-ақ қабылдауға әзір екендерін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама