×

«Талдың арасында суретке түсейік». Дания қазағы Сайрагүл Сауытбаймен кездесуі жайлы айтып берді

Сайрагүл Сауытбай қазір Швецияның Треллеборг қаласында тұрып жатыр

 Ербол Тұрымбет 27.06.2022 | 12:21

Орхус қаласының тұрғыны Акбар Аюби Halyq Uni сайтының YouTube арнасына берген сұқбатында Шыңжаңдағы саяси тәрбиелеу лагерьлері жайлы алғаш болып айтқан Қытай қазағы, қазір Швецияда тұратын Сайрагүл Сауытбаймен кездесуі жайлы айтып берді. Акбардың айтуынша, Сайрагүл Сауытбай бір кісілер арқылы хабарласқан. Таныстары Сайрагүлдің жалғыз екенін, тіл білмейтінін, әрі Данияға жақын елде болғандықтан, барып қайту керектігін айтқан.

«Көлігіме отырдым да бардым. Кездестім. Үйінде қонақ болдым, шәйін іштім, басынан өткенін айтып берді. Мен де білгенімді айттым. Швеция мен Данияның өмір сүру дағдысы ұқсас. Өзіміздің де басымыздан өтті ғой. Біз де кезінде саяси жағдаймен келгенбіз», - дейді ол.

Бұл сапарында Акбар Аюби Сайрагүлге Швеция билігі қандай көмек беретінін, тіл білмей жатса немесе заң тұрғысынан қай жерде көмек алуға болатынын, әрі басқа да тіршілікке қажетті жайттарды түсіндіріп берген.

«Ол кезде Сайрагүлдің басында үлкен саяси әңгіме бар еді. Оның үстіне, бүкіл әлемде Қытайдың интеллигенциясы бар. Солар Сайрагүлге бір нәрсе жасап жүрмесін деп қорықтым. Сол үшін «суретке теңіз жаққа түсейік» дегенде «талдың арасында түсейік, тал әр жерде бар, теңіз жоқ, сенің орныңды біліп, саған зиян көрсетіп жүрмесін» дедім», - дейді Акбар Аюби.

Оның айтуынша, Сайрагүл «қазақтың шәйін сағындым» деп, шәй қайнататын қазақы нақыштағы (оюы бар) шәугім таба алмай отыр екен. Акбар Аюби кейін де Сайрагүлмен хабарласып тұрғанын айтады. Кейін балалары өсіп, тіл үйреніп, сол елде орнығып алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Путин әскери қызметке қатысты Қылмыстық кодекске өзгертулер енгізді

Бұл қылмыс үшін 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген
24.09.2022 | 22:34

Желіде Қарағандыда болған атыстың видеосы тарады

27 жастағы күдікті ұсталды
24.09.2022 | 21:48

«Ішінде бірде-бір орыс жоқ»: Астрахань облысында қазақтарды соғысқа аттандырып жатыр

Видео авторының айтуынша, әскери жұмылдыруға алынған азаматтардың басым бөлігі қазақтар  
24.09.2022 | 19:50