×

Футболист Максим Федин Ислам дінін қабылдады

Ол ұлттық құрама командаға шақырылып тұрады

 Дастан Жұмабекұлы 24.06.2022 | 13:48
коллаж: Halyq Uni

Осыдан бірер жыл бұрын қазақ футболында найзағайдай ойнап, жай оғындай жарқырап, көзге түскен футболистеріміздің бірі, Түркістан қаласының «Тұран» футбол клубының шабуылшысы Максим Федин Ислам дінін қабылдады.

Максим 1996 жылы Екібастұз қаласында туған. Осы қаланың футбол мектебінің түлегі. Алғаш рет жасыл алаңға Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында ойнаған «Бәйтерек» командасының жейдесін киіп шыққан. 2014 жылы 26 матчта 3 гол соққан. 2015 жылы Сербия чемпионатында «Спартак» клубында өнер көрсетті.

2016 жылы елге қайтып келіп, «Атырау» клубымен келісімшартқа қол қойды. 2017 жылы Көкшетаудың «Оқжетпес», содан кейін Қостанайдың «Тобыл» жасағында ойнады. Сол жылы Талдықорғанның «Жетісу» клубына шақырылды. 

Былтыр «Ақтөбе» сапында 30 матчта алаңға шығып, 4 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеген.

Қазір Түркістанның «Тұран» клубының мүшесі. Қолда бар мәліметке қарағанда, енді ол Ақтаудың «Каспий» командасына ауысуы мүмкін.

Ол Қазақстанның жасөсіпрімдер және жастар құрама командаларында ойнаған. 2018 – 2021 жылдары ұлттық құрамаға шақырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама