×

100 млрд теңгені кедей халықтың өзіне таратып беру керек – депутат

Мәжіліс депутаты Ұлттық банктің жұмысын сынға алды

 Дәурен Ерболат 20.06.2022 | 12:47
коллаж: Halyq Uni

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов бүгінгі Парламент палаталарының бірлескен отырысында елімізде инфляция жоғары екенін, халықтың жағдайы нашарлап бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда экономиканың тұрақты өсіп келе жатқан көрсеткіші – инфляция.

«Ол өткір әлеуметтік мәселеге айналды. 2022 жылғы мамырда жылдық инфляция 14% болды, ал азық-түлік тауарлары 19%-ға қымбаттады... Жақында өткен Мәжілістегі отырыста инфляцияға жауапты Ұлттық банк бағаның неге өсіп жатқанын нақты түсіндіре алмады. Олар «әлемде баға өсіп жатыр», «фискалдық импульс күшті болды» деп тағы басқа сылтау айтты. Барлығына Үкімет жауап беретінін атап өтіп, 2024 жылы «контрциклдік бюджет ережесі» нәтижесінде инфляция төмендейтінін жеткізді. Мұны қарапайым тілде айтар болсақ, бұл мәселе өзі шешіледі деген сөз. Жалпы Ұлттық банкті түсіну мүмкін емес..», - деді депутат.

Аманжан Жамалов азық-түлік бағасын төмендетуге бөлінген 100 млрд теңгені халыққа беруді ұсынды.

Үкімет бағаның өсуін тежеу үшін «айналым схемасы» деп аталатын, яғни бөлшек сауда желілеріне жеңілдетілген кредит беруді қолданады. Оған 81 млрд теңге жұмсалды. Тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға тағы 16,8 млрд теңге бөлінді. Бөлінген қаржы - шамамен 100 млрд теңге. Алайда нәтиже жоқ... Баға өсіп жатыр. Бұл ақшаны сауда желілеріне емес, тікелей халыққа таратқан дұрыс. Қазақстанда шамамен 1 млн кедей өмір сүреді. Олар бағаның өсуінен зардап шегіп отыр. Егер бағаның өсуін тоқтата алмасаңыздар, халыққа тікелей қолдау көрсетіңіздер. Әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарға субсидия беріңіз. Бұл ақшаны сауда желілеріне таратудан гөрі пайда болатынына сенімдімін, - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама